Жұмыс беруші вакцина салдырмаған адамды қызметінен қуа алмайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов осылай деді. Оның айтуынша, денсаулық кодексіне сәйкес екпені адам ерікті түрде салдырады. Оны алмағаны үшін әкімшілік не қылмыстық іске тарту қарастырылмаған. Есесіне, жұмыс беруші ковидке қарсы вакцинаны салмаған қызметкерін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіре алады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, не жұмысшы қашықтан жұмыс істеуден бас тартса, Еңбек кодесінің 48-бабы 1-тармағына сәйкес уақытша жұмыстан шеттетіледі. Бір ескерерлігі, бұл кезде жалақы жүрмейді. Осы аралықта жұмыс беруші өзге адамды еңбекке тартуға құқылы. Вакцина салдыра алмайтын, бірақ жұмысынан қол үзгісі келмейтіндер апта сайын өз қаржысына ПТР тест тапсыруға тиіс. Ескерте кейік, өз құқыңызды қорғау үшін еңбек инспекциясына жүгінуге болады.