Жаңатаста 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өңір әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетілуде. Өрт салдарынан бес баласынан айырылған отбасыға қаржылай, медициналық және психологиялық көмек ұсынылды. Жерлеу рәсімін әкімдік өтеді. Демеушілер қаражатына үш бөлмелі пәтер сатып алынды. Ал жергілікті кәсіпкерлер жиһаз бен тұрмыстық техника алуға қол ұшын созды. Бұдан бөлек, қоғамдық ұйымдар мен демеушілер 3 миллион теңгеден астам қаражат жинағаны айтылып отыр. Мемлекеттік орган қызметкерлері қаржылай көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды.