“Жағдай нашарлады”: Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Премьер-министр Асқар Мамин індетке шалдыққандардың көбеюіне байланысты әкімдер мен министрлерге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Дельта штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша вирус жұқтыру айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 проценті, ал реанимациялық орындардың 44 проценті толық”, – деді Мамин. Ол пандемиядан шығудың жалғыз жолы вакциналау екенін тағы бір мәрте еске салды. Айтуынша, қазіргі таңда 5,5 миллиондай адам вакцинаның бірінші компонентін және 4 миллионға жуығы екінші компонентін алды. “Бұл жұмысты жалғастыру қажет”, – деді премьер. Сондай-ақ Мамин ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді бұйырды.