Жамбыл облысында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Жамбыл облысында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. “Аспара-Шу аралығындағы пойыз қозғалысының бір жолы түнгі 02.15-те ашылды. Бірінші болып контейнерлік пойыз, одан кейін Шымкент – Нұрсұлтан бағытындағы № 712 “Тальго” жолаушылар пойызы өтті. Қарсы бағыттағы қозғалыс таңғы 8.20-да ашылды”, – делінген хабарламада. Еске салайық, Меркі өңірінің тауларында қар аралас нөсер жаууы салдарынан автожол мен теміржол көпірін су басып, пойыздар уақытша тоқтап қалған еді.