Таразда дүлей дауыл тұрып, қаланың астаң-кестеңін шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24». Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейіп шаң көтерілді. Жолдар жабылып көлік қозғалысы тоқтатылды. Қазір Күйік-Қарабастау-Қаратау -Жаңатас бағытына жол жабық. Қатты жел үйлер мен нысандардың шатырын ұшырып әкетті. Ағаштарды тамырмен қопарып, ондаған көлікті басып қалды. Қалада жарық өшіп, жұрт әбігерге түсті. Әзірге келген шығын мен зардап шеккендер туралы нақты ресми ақпар жоқ. Мектептерде сабақ тоқтатылып, оқушыларды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды. Екінші ауысымда оқитын балалар онлайн форматқа ауыстырылады. Өңірдің таулы аймағында орналасқан аудандарда тұман түсіп, көк тайғақ тіркелген. Боран қазір де ұйтқып тұр. Алматы-Ташкент-Термез және Сарысу-Талас-Күйік бағыттарындағы жол жабылды.