5 сәуірде 85 жасына қарағанда жазушы Қабдеш Жұмәділов қайтыс болды. Жазушының дүниеден өткенін Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек растады. – Негізі сол Covid-пен ауруханада жатқан. Бірақ дәрігерлер жүрек аурынан қайтыс болды дейді. Нақты әлі біле алмай отырмыз, – дейді Ақберен Елгезек. Бірнеше роман, ондаған әңгіменің авторы Қабдеш Жұмәділов шығармаларында Қытай қазақтарының мәселерін де көтерген. Елдегі өткір қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін жиі айтып отырған. Жазушы 1936 жылы 24 сәуірде Қытайдың Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағындағы Шәуешек ауданында дүниеге келген. Жазушының “Соңғы көш”, “Дарабоз”, “Қылкөпір” және тағы басқа шығармалары бар.