Жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы қайта іске қосылады

Алдағы уақытта отандық автокөліктер қолжетімді бола түспек. Өйткені елде жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл жөнінде индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев “Хабар” арнасындағы ток-шоуда мәлімдеді. Айтуынша, алдағы уақытта жылдық мөлшерлемесі 4% болатын автонесиелендіру бағдарламасы іске қосылады. Жаңа көлік алу үшін алғашқы жарна да төлеп қажеті жоқ.