Жеңілдетілген несиемен автокөлік беру бағдарламасы тоқтатылды

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Бағдарлама 2019 жылдың 31 мамырында іске қосылған еді. Шарттарда отандық өндірістен жеңіл автокөлік сатып алатын жеке тұлғаларға 4 пайыз номинал мөлшерлемемен несие беру қарастырылған. Ол үшін Ұлттық банк 2019-2020 жылдары 40 млрд теңге, яғни жыл сайын 20 млрд теңге бөлді. Ұлттық банк берген ақпаратқа сүйенсек, биыл 27 мамырдағы жағдай бойынша барлығы 48,8 млрд теңгеге 8 546 несие берілген.