Желіде Цойдың “Спутник V” вакцинасы зерттелмегені туралы мәлімдемесі тарады

TikTok – тағы үзінді видеода ол COVID-19 вакцинасы зерттелмеген және оның адамдарға әсері белгісіз дейді. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі видеоға түсінік берді. “Видеода министрдің журналистің сұрағына жауап берген брифингтің материалы қолданылған. Онда қазақстандық вакцина туралы айтылған. Министр жауабында қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың барлық кезеңінен, тіркеуден, қауіпсіздік сертификаттарынан өтуі тиіс, тек осыдан кейін ол Қазақстанда жаппай қолдануға жіберіледі делінген”, – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері. Желіде тарап жатқан видеодағы брифинг былтыр 1 қазанда өткен. Онда министр “Спутник-V” вакцинасы туралы айтпаған. Оның сөздері отандық Qazvac препаратын әзірлеуге қатысты болған. Қазір вакцина клиникалық зертетулер сатысында. Аралық нәтижелерге сәйкес, ғалымдар ол қауіпсіз және тиімді деген қорытынды жасап отыр,- дейді ведомстводағылар.