Жер сілкінісінен жетім қалған түркиялық балалар басқа елдерге асырап алуға берілмейді

Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экичи осылай деп мәлімдеді. Балалар қазір мемлекет бақылауында. Мемлекет олардың жеке басын анықтап, құжаттарын қалпына келтіріп жатыр. Оларға психологиялық көмек көрсетілуде. “Жетім қалған балалар Түркиядағы туыстарының отбасына орналастырылады. Патронат тәрбиеде 1858 бала бар. Олардың 200-інің жеке басы мен құжаттары әлі анықталған жоқ”, деді Түркия елшісі Уфук Экиджи