Жетісу облысында бірнеше жаңа Tesla тиеген жүк көлігі аударылып қалды

Жетісу облысында жап-жаңа Tesla көліктерін тасымалдаған көлік аударылып қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға Қонаев пен Талдықорған арасындағы Арқарлы асуында болған. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. “21 мамырда Алматы-Өскемен тасжолының 143-ші шақырымында, атап айтқанда Арқарлы асуында Scania көлігінің қатысуымен жол апаты болды. 39 жастағы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жеті Tesla көлігін тасымалдап келе жатқан. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктердің қозғалысы жұмыс режимінде жалғасып жатыр, жол жабылған жоқ”, – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.