Олар ақпараттық ресурстарда қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген. Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан. Қазір адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. “MetaGo” компаниясының қызметінен зардап шеккендер тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласа алады.