Елімізде полицейлер сервистік модельге көшеді

Енді инспекторлар халықпен, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болады. Олар өз аумағындағы тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін жіті зерттейді. Ол үшін материалдық-техникалық база да жаңартылады. Бұдан бөлек, халықты қабылдауға ыңғайлы болатын учаскелік пункттер де ашылады. Осындай жобалардың бірі пилоттық режимде Павлодар қаласында орнатылған. Учаскелік полицейлер әкімшілік аумағындағы проблеманы халықпен, қоғаммен және мемлекеттік ұйымдармен бірлесе отырып шешетін болады.