Жігіт әйелді интим видеолар арқылы бопсалаған.

Тіпті бейнежазбаны балаларына да жіберген. Ер адам ажырасқаннан кейін жыныстық жақындық кадрларды әйелдің туыстарына, әріптестеріне және таныстарына жібере бастаған. Ер адам WhatsApp-та топ құрып, әйелдің бүкіл таныс- жақындарын қосып, порнографиялық сипаттағы ұятсыз материалдар жариялаған. Чаттар әртүрлі тіркелмеген нөмірлерден ашылған. Әйел осыдан бір жыл бұрын ер адамның шотына 1 000 000 теңге жіберген. Бірақ ол оған қанағаттанбай, одан да көп қаражат талап еткен. Кейін 6 600 000 теңге шотқа жіберген. Әйелдің айтуынша, 47 жастағы ер адам Өзбекстанның тумасы және ірі банктердің бірінде жұмыс істейді. “Бостандық ауданының полиция қызметкерлері жағдайды анықтап жатыр. ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданып, ер адамның іс-әрекетіне баға беріледі”, – деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі.