Жоғары базалық мөлшерлеме кезеңінде ипотекалық несие алуға асықпаған жөн

Жоғары базалық мөлшерлеме кезеңінде ипотекалық несие алуға асықпаған жөн.

Оны уақытша кейінге қалдырған дұрыс. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осылай деп кеңес берді. Себебі қазір екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық мөлшерлеме 21–22 пайызға дейін жетті.

«Инфляция төмендеген сайын базалық мөлшерлеме де азаяды. Соған сәйкес нарықтағы банктердің пайыздық мөлшерлемесі төмендейді. Кейін болашаққа сеніммен қарап, ипотека алуға болады. Қазір аздап күту қажет», – деді Тимур Сүлейменов.