Шымкенттегі ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева көп мөлшерде дәрі ішкен. Дәрігерлер әзірге осындай болжам жасап отыр. Ол ауруханаға 6 сәуірге қараған түні түскен деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Дәрігерлер науқасты дереу тексеріп, жансақтау бөліміне жатқызды. Түскен кезде жағдайы өте ауыр, бірінші дәрежелі комада болды. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты, ауыр”, – деді дәрігерлер. 5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада ол қалалық ПД басшылығынан қысым көргенін, соның соңы осындай қадамға итермелегенін айтады.