Саясаткер Владимир Жириновский қайтыс болды

Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Telegram-арнасында жазды. Ақпанның басында Ресей Либералдық-демократиялық партиясының (ЛДПР) басшысы Мәскеудің Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған болатын. Оның өкпесінің 75 пайызы зақымданған. Дәрігерлер саясаткерге осындай диагноз қойды. Бірнеше күннен кейін оның жағдайы нашарлап, ауыр деп бағаланды. Кейін жасанды тыныс алу аппартына қосылған.