1 миллиард теңгеден астам: ҚТЖ топ-менеджерлерге берілген сыйақыға қатысты жауап берді.
«Қазақстан теміржолы» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов топ-менеджерлерге төленген сыйақыға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz. Оның айтуынша, билет тарифтері инфляцияға сәйкес көтерілген.
Алдыбергенов сыйақы көлемін компания басшылығы емес, алты тәуелсіз мүшеден тұратын директорлар кеңесі бағалайтынын және бұл шешім «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік ережелеріне сәйкес қабылданатынын атап өтті. Оның сөзінше, сыйақы төлеу туралы шешім үш кезеңнен өтеді: алдымен ішкі аудит қызметі, кейін комплаенс қызметі, соңында директорлар кеңесі қарайды.
Жалпы 1 миллиард теңге 19 адамға бөлінген.
