27 мамырда Путин Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді.
27–29 мамыр күндері Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективаларын талқылайды.
28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.
