Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

2023 жылғы наурызда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар жалпы саны 12 күн демалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз – сәрсенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болады. Наурызда қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбіде – 21, 22 және 23 наурыз күндерінде үш күн демалады. Мереке аптаның ортасына түседі, сондықтан жұмыс аптасы қысқа болады. Осылайша наурызда төрт мереке болады. Бес күндік жұмыс аптасында сенбі және жексенбі – сегіз күн, ал алты күндік жұмыс аптасында төрт күн демалыс болады. Сонымен қатар, наурызда қазақстандық оқушылар 18 наурыздан 26 наурызға дейін созылатын көктемгі демалысқа шығады.