11-қарашадан бастап Алматы мен Қонаев қаласы арасында электр пойызы қатынайды

11-қарашадан бастап Алматы мен Қонаев қаласы арасында электр пойызы қатынайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Электр пойызы тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді. Электр пойызы құрамында жалпы жолаушылар сыйымдылығы 175 орын болатын 3 вагон бар. Тасымалдауды “Жолаушылар тасымалы” жүзеге асырады”, – делінген хабарламада.