Алматы әкімдігі жүргізушілерге үндеу жасады

Алматы әкімдігінің коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы алдағы күндері ауа райының күрт суытатынына байлнасыты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге дер кезінде ауыстыруды ұсынамыз”, – делінген хабарламада. Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға, өздерінің бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.