16 маусымнан бастап мемлекеттік кіріс департаменті қашықтан жұмыс істейді

16 маусымнан бастап мемлекеттік кіріс департаменті қашықтан жұмыс істейді. Алматыда бұл органдар осындай жұмыс форматына көшті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған департаменттің басқармалары мен кедендік постарда мынадай жұмыс регламенті белгіленді:

1. Электрондық форматта көрсетілетін қызметтер тек қана электронды түрде ұсынылады.

2. Электрондық форматта көрсетіліп келмеген мемлекеттік қызметтер (кіріс және шығыс құжаттарын қабылдау) « Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.

3. Консультациялық қызмет телефон арқылы көрсетіледі.