Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус жұқтырды

Павлодар облысы әкімінің орынбасары коронавирус жұқтырды. «Асхат Ораловтың дене қызуы көтеріліп, коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Байланыста болған адамдар анықталды.

Қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде» деді әкімдіктің баспасөз қызметі. Облыстық әкімдіктің барлық қызметкері коронавирус инфекциясына тест тапсырды. Нәтижелері кейінірек жарияланады.

Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық жоспарлы жеке қабылдау мен кездесулер болмайды деп хабарлады ktk.