19 жастағы жігіт Қапшағай су қоймасына батып кетті

Алматы облысында 19 жастағы жігіт Қапшағай су қоймасына батып кетті. Алматылық колледждердің бірінің түлегі оқу бітіргенін атап өту үшін достарымен бірге Қапшағай демалысқа келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысы ТЖД ақпаратынша, қайғылы оқиға 24 маусым күні су қоймасының солтүстік жағалауындағы демалыс орындарының бірінде болған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ведомствода марқұм жас жігіт пен оның 5 досы катамаранға мініп, жағалаудан алыстағаны айтылды. Бір кезде олар жүзуге арналған құрылғыдан суға секіре бастаған. Марқұм да достарының соңынан суға секірген, алайда қайта жүзіп шықпаған.

Жігіттің жансыз денесін сүңгуірлер 6 метр тереңдіктен тапқан. Анықталғандай, жігіттердің барлығы колледж түлектері болып шыққан. Олар диплом алғанын атап өткен. Сонымен қатар ТЖД катамаран секіру үшін арналмағанын атап өтті.