Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 7 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды. Қазіргі уақытта елімізде COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 147-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада көз жұмған марқұмдар 1961, 1941, 1959, 1946 және 1951 жылдары туған ер адамдар мен 1971, 1958 жылғы әйелдер. “Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.