20 метрге ұшып кеткен: Шымкентте анасы мен қызын көлік қақты

Шымкентте анасы мен қызын көлік қақты. Mitsubishi Pajero көлігінің 24 жастағы жүргізушісі жылдамдығын азайтпастан, жаяу жүргіншілерді қағып өтті. Салдарынан 43 жастағы әйел мен 16 жастағы қызы сол жерде жан тапсырды. Соққыдан олар 20 метр жерге дейін ұшып кеткен. Жол апаты болған жерде полиция мамандары тергеу жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалады.