Министр инвестициялау бойынша кеңес берді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров депозиттер мен криптовалюта туралы айтты. Ол өз жинағын криптовалютада сақтамайтынын мойындады. “Криптовалютада тәуекелдер бар, негіз ретінде нақты актив жоқ. Криптовалюта электрон әмияндарда сақталады. Таза цифр ретінде қарасаңыз да, ол сіз тұратын ел аумағынан алыста”, – деді ол. Әлібек Қуантыров криптовалютаға инвестиция салу кезінде тәуекелдерді ескеруді ұсынды. Оның пікірінше, жинақтарды тиімді инвестициялаудың қауіпсіз жолы – жинақтарды теңгелік депозиттерде сақтау. Қосымша ақшаңыз болса, жылжымайтын мүлікке, брокерлер арқылы шетелге инвестициялауға болады. Сонымен қатар активтерді әртараптандырған дұрыс деді.