2024 жылы Парижде өтетін олимпиада және паралимпиаданың медальдарының дизайны таныстырылды

2024 жылы Парижде өтетін олимпиада және паралимпиаданың медальдарының дизайны таныстырылды. Олимпиада ұйымдастырушыларының айтуынша, медальдардың әрқайсысында Эйфель мұнарасының бір бөлігі болады. Әр медалі Эйфель мұнарасынан алынған темірмен безендірілген. Бұл бөлшектер мұнараны жөндеген кезде қалып қойған. Олар медальдардың ортасында алтыбұрыш түрінде тұрады. Олимпиада медалінің ленталары қою көк, ал паралимпиадалық медаль ленталары қою қызыл болады. Медальдарды Францияның теңге сарайы дайындайды. 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындары 24 шілде мен 11 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.