Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары боп Асқар Жәкенов тағайындалды

Бұл туралы бүгін үкімет қаулысынан белгілі болды. Асқар Серікжанұлы еңбек жолын 1998 жылы Қарағандыдағы «Каргормаш-ИТЭКС-те» бастады. 1999 жылы Әділет министрлігіне жұмысқа қабылданды, онда жетекші маманнан бастап басқарма басшысына дейін қызмет еткен.