2025 жылға дейін жастар үшін 12 мың жалдамалы пәтер салынады

Алдағы үш жылда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынады, деп хабарлады индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі. Бұл баспаналар 5 жылға жалға беріледі. Ал кейін тұрғын үй келесі үміткерлерге босатылады. Яғни, жалға берілген пәтерлерді сатып алу құқығы болмайды. Сонымен қатар өңірлік несиелендіру бағдарламалары даярланып жатыр. Өңірлік бағдарламалар жұмыс істейтін жастарды жергілікті бюджеттен тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ 5 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген. Алғашқы жарна көлемі – 0-10 пайыз. Несиелендіру мерзімі – 25 жылға дейін.