2025 жылдың басынан бері жүргізушілер Қазақстандағы ақылы жолдармен 54 миллионнан астам рет жүрген

2025 жылдың басынан бері жүргізушілер Қазақстандағы ақылы жолдармен 54 миллионнан астам рет жүрген. Ең көп қозғалыс Алматы – Қонаев, Шымкент – Өзбекстан шекарасы және Шымкент – Тараз бағыттарында тіркелген. Сонымен қатар Астана – Теміртау, Қонаев – Талдықорған және Астана – Щучинск жолдары да жүктемесі жоғары учаскелер қатарында. Ал ең аз қозғалыс Үшарал – Достық бағыты бойынша (29 мың) болды. Бұған дейін ақауы бар ақылы жолдарда жүру уақытша тегін болатыны хабарланған еді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлайды.