27 адам қаңтар оқиғасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген

.Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың айтуынша, 27 адам қаңтар оқиғасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Олардың қатарында Алматы әуежайына және Көктөбе мұнарасына шабуыл жасағандар бар. Қылмыскерлер он адамнан бөлініп, әрбір адамның рөлін айқындап алған. Өз ішінен басшылар сайлаған. Оларға бронды кеудеше мен басты қорғайтын құралдар берілді.
“Сондай-ақ атыс қаруы мен 200 мың теңге ақша таратылды. Қатардағы серіктестер суық қару мен денеге зиян келтіруге болатын басқа да заттар алды. Ерекше белгі ретінде барлық қатысушының сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан. Аталған қарулы топтар қаланың әртүрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соғып, Ритс-Карлтон және “Қазақстан” қонақ үйлерінің паркингтерінде ұстаған. Артынан жәбірленушілер қаланың шетіне шығарылып, темір контейнерге қамалды. Ол жерге күзет қойылған”, – деп атап өтті Шалабаев.
Оның айтуынша, жәбірленушілердің бірі дене жарақатынан көз жұмды. Қазіргі кезде осы қылмыс үшін 40 адам қамауға алынды. Қалғандары анықталып жатыр.