Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған алаяқтар ұсталды

Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Олар ондаған адамды тақырға отырғызған, деп хабарлайды «Хабар 24». Қылмыстық топ мүшелері әлеуметтік желі арқылы әрекет еткен. Олардан алдап ақша алып, 4-5 күнде 70 процент үстемемен қайтаруға уәде берген. Кейбір салымшылар тіпті, 150 мыңнан 10 миллион теңгеге дейін салып жіберген. Оларға қойылатын басты талап пирамидаға ақша салатын тағы бірнеше адамды табу керек болған. Талайды сан соқтырған күдіктілер қазір қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.