4 мамырдағы жағдай бойынша 350 мың қазақстандық вакциналаудың толық курсын аяқтады

фото:Timeskz.kz

Мамырда тағы екі миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мамин елде вакцинаның қажетті көлемі бар екенін, вакциналаудың қазіргі қарқынын төмендетпей, тек ұлғайту қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ол ауыл тұрғындарына вакцина егуге ерекше назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар вакцина алғандар санының артқанына қарамастан, адамдар санитарлық нормаларды қатаң сақтауға тиіс екенін ескертті.