Алексей Цой ведомство өкілдері далада жұмыс істейтін нысандардың уақытына шектеуді жеңілдетуге келіскенін айтты

Оның айтуынша, “қызыл” аймақтағы тамақтануға арналған жазғы алаңдар 9.00-ден 20.00-ге дейін, “сары” аймақтағылар 07.00-ден түн ортасына дейін, “жасыл” аймақта 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бұл ретте мұндай барлық нысанда адам саны 50 пайыздан аспауы тиіс, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. . Көше тағамдары мен ашық аттракциондардың қызметіне шектеу жоқ. Еске салайық, “қызыл” аймақтағы Ashyq бағдарламасына қосылған мекемелер “сары” аймақтың нормалары бойынша жұмыс істейді, ал “сарыдағы” мекемелер қосымшаның көмегімен “жасыл” аймақтың нормалары бойынша жұмыс істей алады.