40 градус ыстықта дәрігерлер флешмобқа шықты

40 градус ыстықта дәрігерлер флешмобқа шықты. Жұрт медицина қызметкерлерінің жол бойында бір минут үнсіздік рәсіміне қатысқанына байланысты наразылық білдірді деп хабарлайды Sputnik.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов видеоға қатысты түсініктеме берді.

“Шымкентте облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қажетсіз бастама көтеріп, аурухана ұжымын көшеге шығарды. Мұндай қиын уақытта дәрігерлердің тікелей міндетіне кедергі келтіру қылмысқа тән озбырлық деп санаймын. Мәселенің жайы анықталған соң, бас дәрігер жауапқа тартылады”, – деді Қалқаманов.

Ол облыста COVID-19-дан қайтыс болғандарды аза тұту рәсімі тек үш жерде өткенін айтты.