Өз бетінше емделуге болмайды

Өз бетінше емделуге болмайды. Жергілікті дәрігерге жүгініп, рецепт жаздыртып алу керек. Антибиотикті бақылаусыз қолданса, қиындықтар туындайды. Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова осылай деп мәлімдеді.

Артық дәрілер сатып алмаңыздар. Сізге қажет емес препарат басқа адамға керек болуы мүмкін. Қазір антибиотиктер келді. Nobel шығарып жатыр, олар дәріханаларда бар”, – дейді Дурманова. Қауымдастық дәрілерді рецепт арқылы берілгенін талап етіп отыр.

Десе де, Covid-19-дың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын антибактериалды дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецептінсіз беру туралы ұсыныс енгізілген. Бүгінде бұл мемлекеттік органдардың қарауында жатыр.