Қазақстандықтар дрон көмегімен Өзбекстанмен шекарадан қару өткізді

Онда қаруды өзбекстандық екі азамат қабылдап алуы керек болған. Олардың бірі бұрын кісі өлтіргені үшін сотталғаны анықталды. Бірақ заңсыз операция сәтсіз аяқталған. Шекарашылар дронды байқап қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Узбекистан 24” телеарнасына сілтеме жасап. Өзбекстан шекарашылары Қазақстанмен шекараға жақын жерде екі азаматты ұстады. Тергеуге дейінгі тексеру барысында қаруды Қазақстан азаматынан төрт мың АҚШ долларына сатып алынғаны анықталды. Қазіргі уақытта екі азаматқа қатысты Өзбекстан ҚК-нің 246-бабы “Контрабанда” бойынша қылмыстық тергеу жүргізіледі және бұлтартпау шарасы бойынша қамауға алынды.