Қазнетте абақтыда отыратын камерасын таңдап жүрген күдіктінің видеосы тарап, көпшіліктің ашуын келтірді

Көпшілік мұны Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау абақтысында болғанын айтуда. Телеарнаның жазуынша, желіні шулатқан видеодан полиция қызметкерінің қасындағы күдіктінің емін-еркін абақты камераларын аралап, отыратын жерін таңдап жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды “Астана” арнасы.. Желі қолданушыларының сөзіне сенсек, бұл адам осыдан аз уақыт бұрын Қылмыстық кодекстің “пара алу” бабы бойынша қамауға алынған қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болуы мүмкін. Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растамаған, тіпті жоққа да шығармаған. Қазір зерттеп-зерделеу жұмыстары басталып кеткенін ғана жазбаша түрде хабарлаған.