Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы байқаудың гранд-финалына өтті. Соңғы кезеңде жерлестеріміз Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін тартып, қазіргі заман туындыларынан попурри орындады. «Hollywood төріне қазақтың қара домбырасын алып шығып, 72 ел қатысқан додада алтын медальге ие болдық! Құтты болсын, Қазақстан!», – деп жазды Темірлан Олжабаев өзінің парақшасында. Ұйымдастырушылар шоудың грант-финалын 23-27 мамыр аралығында өткізбек.