Алматы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймаққа қайта өтуі мүмкін. Бұған қалада тіркелген коронавирустың үнді штаммы себеп болып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның сөзінше, күн сайынғы репродуктивті өсім айдың басында 0,1% болса, қазір 0,2%-ке жетті. Егер қалада жағдай күрделенетін болса, көпсалалы үш емхана қайтадан инфекциялық ауруханаға ауыстырылады. “Біздің жобамыз бойынша, қазір “сары” аймақта тұрсақ, жақын күндері “қызыл” аймаққа өту қаупі бар. Үндістандық дельта штаммы соған алып келе жатыр. Науқастардың санын тоқтатудың бірден-бір жолы – вакцина салдыру”, – деді қала әкімі.