Сағынтаев інісін босатуды талап еткен белсендінің не үшін қамалғанын түсіндірді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қытай консулдығы алдында бейбіт шеру өткізуге неліктен рұқсат берілмей отырғанына қатысты сауалға жауап берді. Әкімнің сөзінше, 8 наурыздан бері шеруге шығып жатқандар Қытай консулдығы алдына жиналып, көше бойында топтасып, азаматтық құқық бұзушылықтарға жол беріп жатыр. Оған қатысты аудандық прокуратура, әкімшілік тарапынан ескертулер айтылған. “Ескертулер қорытындысы шеңберінде айыппұл салу, Күнболат Байболатты құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 күнге қамауға алу туралы шешім қабылданды. Маған оны ұрып-соғып, қорқытып жатқаны туралы ақпарат түспеді. Баспасөз конференциясынан кейін полиция департаментіне ашық ақпарат ұсыну керек екенін хабарлаймын”, – деді Сағынтаев.