Коронавирус жұқтырған министр Біртановқа пневмония диагнозы қойылды. Оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазір Елжан Біртанов Нұр-Сұлтандағы стационарда ем алып жатыр. “Министр хаттамаға сай ем алып жатса да, коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп отыр” деді Диас Ахметшәріп.
Еске сала кетсек, 14 маусымда министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді.