Ер адам әйелінің мойнына автомобиль шинасын асып қойып ұрған

Ер адам әйелінің мойнына автомобиль шинасын асып қойып ұрған. Әйелінің қолын байлап, үстінен шелектеп су қойып, бетінен ұрып жатқаны түсірілген видео желіде таралды. Оқиға Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданындағы ауылдардың бірінде болғаны анықталды. Бейнежазбадан күйеуі жұбайын сабап жатқан сәтті басқа әйелге видеоға түсіруін талап еткені көрінеді деп хабарлайды АКИpress.

Биліктегілер осы жағдайды бақылауға алып, ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамаған. Әйелі полицияға арызданған. Қырғызстанда желі қолданушылары ер адамның әрекетіне наразылық білдіріп жатыр. Кейінірек белгі болғандай, әйел арызын қайтарып алып, полициядан отбасына араласпауын сұраған. Тергеу органдары бұл істі соңына дейін жеткізіп, арыз болмаса да, видео арқылы тергеу жүргізілетінін айтты.