Қазақстандықтарға 25 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінен Ресейге ұшып бару үшін “Путешествую без COVID-19” қосымшасы қажет деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап. Ресей Федерациясы Үкіметінің 20.07.2021 жылғы №1998-р бұйрығына сәйкес, ПТР тест Ресейге келгенге дейін үш күннен ерте жасалмауы тиіс. Жаңа ережелер 25 шілдеден бастап ЕАЭО-ға мүше елдерден (Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан) әуе рейстерімен ұшып келу үшін қолданылады.