Алматы облысында жеті жастағы қызды зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қыздың анасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, тергеушіні марапаттауды өтінді. Әйелдің айтуынша, қылмыстық істі сауатты тергеу педофилді жазалауға көмектесті, сот шешімімен ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әйел хатында полицейлер тергеу жүргізу кезінде зардап шеккен баланың психикасына зақым келтірмеуге тырысқанын атап өткен. 2020 жылдың наурызында Талғар ауданындағы ауылдардың бірінде жеті жасар қызды ұрлап кетті. Полиция қызды қараусыз қалған ғимараттардың бірінен тапты. Қыз 30 жастағы педофилдің қолына түскен. Ол қылмыс орнында ұсталды, қыз аман қалды.