Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі қайта қосылды. Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі іскерлік байланыс орнатуға, іздеуге арналған интернет-ресурстың бұғатталуына байланысты компанияның ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізген. “LinkedIn әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан заңнамасын бұзу дерегі анықталғандығы туралы хабарламамен танысып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады”, – делінген хабарламада.