Техникалық ақауға байланысты қазір министрліктер порталдарына кіру мүмкін болмай тұр. Сайттарда “настройка текущего языка” деген жазудан басқа ештеңе ашылмайды, беттер жүктелмейді. Техникалық ақау бір сағат бұрын байқалған. “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ баспасөз қызметі ақау туралы ақпаратты растады.