Аймағамбетов Пермьдегі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Пермь университетіндегі атыс салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін. Қазан мектебіндегі теракттан қайтыс болғандардың жақындарының жан жарасы әлі жазылмаған еді. Бұл трагедиялар елдің мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды және қауіпсіздікті күшейту қажеттігін тағы да көрсетіп отыр, – деп жазды министр парақшасында.